0:00 / 0:00
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі іссапармен Орал қаласына келді.
Бейбіт Атамқұлов облыс бойынша индустрияландыру және қорғаныс өнеркәсібіне қатысты тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, Елбасы жолдауынан туындайтын жұмыстар бағытын бақылады. Әсіресе, жергілікті өнеркәсіптердің жұмысы билік өкілдерінің басты назарында болды. Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына іссапары кезінде кәсіпорындарды жаңғыртуға байланысты нақты тапсырмалар берген еді. Жиында осыған байланысты негізгі бағыт-бағдарды сараланып, салалық кәсіпорындарды бәсекелестікке сай жабдықтау жайы қамтылмақ.