Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батыстың вакцинасы қашан келеді?

c 09:47, 07/06/2021 c 471

0:00 / 0:00

Қазақстанға Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Johnson & Johnson вакциналары қашан әкелінеді?   «СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевпен өткен онлайн брифингте осы мәселе сөз болды. Мәлім болғандай, қазақстандықтар күтіп жүрген  батыс елдері мен  американдық екпелерді әкелуге қатысты келіссөз әлі жүріп жатыр. Сондай-ақ, журналистерді басқарма төрағасының жалақысы қызықтырды.

Бүгінде елімізде отандық, ресейлік, қытайлық вакциналар салынып жатыр. Алайда, қазақстандықтардың көбі  әлем мойындаған екпелерді салдырғысы келеді. Мысалы,  Pfizer екпесін алғысы келетіндерге біздің министрлік жүргізіп жатқан келіссөздің нәтижесін күтуге тура келеді.  «СҚ-Фармация» басшысының сөзінен түсінгеніміз, әзірге  қолда бар екпені қанағат етуге тура келеді. Ал батыстың вакцинасы бойынша нақты шешім қабылданбаған.

Ерхат Есқалиев – «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы «Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Johnson & Johnson вакцина өндірушілердің бәрімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Жағымсыз оқиғаларға байланысты AstraZeneca бойынша келіссөз тоқтатылды. Pfizer-мен үнемі келіссөз жүріп жатыр. Бірақ әзірге жеткізу кестесі бекітілген жоқ және белгілі бір талаптар қойылып отыр. Moderna, Johnson & Johnson вакциналары бойынша келіссөз жүріп жатқанымен, нақты нәтиже жоқ.  Бұл жерде өнім көлемі жоқ және кестесі де бекітілмеген»

Бүгінде қазақстандықтар  QazVak,Спутник-V6, Hayat-Vax, CoronaVac екпесін салдырып жатыр. Денсаулық сақату министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 158 946 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Брифинг барысында "СҚ-Фармация" басшысының жалақысына қатысты да сұрақ қойылды. Ерхат Есқалиевтің айлығы бір миллионның үстінде.

Ерхат Есқалиев – «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы "Мен жалақым бойынша үнемі ашық айтамын. 1млн 300 мың болған. Бұл салықты ұстағанға дейінгі сома. Қазір қолыма таза 1 млн теңгеден аз түседі"

Осылайша 1 млн теңгеден аз айлық алып отырған Ерхат Есқалиев компанияның әкімшілік шығындарын азайттық, қызметтік көлікті жалға алып отырмыз деп ақталды.  Ал «СҚ-Фармация» сыйақыларға биыл 179 миллион теңге бөлген. «Бірақ осы сыйақыдан да басшылыққа бұйырмады, тек қызметкерлер ғана алды деп», -ағынан жарылды ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.