0:00 / 0:00
"Батыс су арнасының" қызметкерлері жалақының уақытылы төленбей жүргеніне наразы. Олар осы проблема 6 айдан бері шешілмей келеді деп налиды. Мекеме қызметкерлері әрбір айдың онында қолымызға тиюі тиіс жалақымызды 10 шақты күнге кешіктіріп аламыз,- дейді. Қазіргі таңда желтоқсан айында жасаған жұмысының ақысын ала алмай жүргендер көп. Қызметкерлер жалақысын әр айдың онына дейін алу үшін директордың атына өтініш жасаған екен. Жұмысшыларға айлық төлеу мәселесі жайлы толығырақ тілші сюжетінде.
Өңірді таза сумен қамтамасыз етіп отырған Батыс су арнасының қызметкерлері жалақыларын уақытылы ала алмай отыр. Олар проблема алты айдан бері жалғасып келеді дейді. Қызметкерлер уақытылы жалақысын алу үшін директордың атына өтініш жазатын көрінеді. Қазіргі таңда желтоқсандағы айлығын ала алмай отырғандар жетерлік.
Кәсіпорынның желтоқсан айында жұмысшыларға 76 млн теңгедей бережақ болыпты. Күні бүгінге дейін 37 млн теңгедей қаражат төленген. Батыс су арнасының директоры бұл проблеманың туындауына тарифтің аздығы себеп. Коммуналды төлемнен түскен қаржыдан бірінші кезекте жалақы төлеп жатырмыз, кейін салық төлейміз,- дейді.
Батыс су арнасында 600 астам қызметкер жұмыс істейді. Мекеме басшылығы кешіктірілген жалақыны осы айдың соңына дейін төлеп береміз деп сендіріп отыр. Алайда бұл проблеманың қашан және қалай шешім табатыны белгісіз. Қызметкерлер жалақыны әлі қанша ай кешігіп алатыны да беймәлім.