0:00 / 0:00
Көктемгі су тасқынан зардап шеккендерге материалдық, гуманитарлық көмек көрсету мақсатында аймақта бұған дейін арнайы орталық ашылған болатын. Енді мінекей, облыс, қала әкімдігі қызметкерлерінің ұсынымен, 12 ауданның қолдауымен табиғи апаттан зардап шегіп, қызыл судың астында қалған Қарағандылық ағайынға бір күндік жалақыны аудару туралы шешім шығарылып отыр. Ол шамамен 160 млн теңге шамасындағы қаражатты құрайды. Брифингтің қонақтары аймақта 1936-жылы құрылған Қазгидромет мамандары өз кезегінде табиғи ахуалға тоқталып өтті. Биыл облыста күн ерте жылынды, сондай-ақ өзен суларынан да келер қауіп жоқ деуге негіз бар. Ал алдағы жаз ауыл шаруашылығы салысына, егін егуге қаншалықты қолайлы болмақ деген толғанған көпшіліктің сауалына жауап берген мамандар біраз мәлімет беріп өтті. Бүгінгі таңда Қазгидромет филиалында 174 адам бар. Оның 3-і облыстық құрылымда жұмыс жасайды. Ауа райын болжаумен ертеде дәрігерлер мен емшілер айналысса, осы күні еліміздегі Әл фараби атындағы ҚазГуда синоптик мамандар дайындалады. Биыл жайық өзенінің суы көктемде 5-6 метр болады деп күтілген екен. Бірақ өзен-көлдердің ернеуінен аспауы тасқыннан келер қауіпті сейілтіп отыр.