Қазақстандықтар алғаш рет жаңа қазақ әліпбиі бойынша жалпы халықтық диктант жазды. Аталмыш диктанттың мәтіні Елбасының "Болашаққа бағдар "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына арналған. Еліміздің түпкір-түпкірінде ұйымдастырылған шараға 100 мыңнан астам Батыс Қазақстандық қатысты.
Шараға он бес жастан жоғары мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметкерлері мен облыс тұрғындары ат салысты. Азаматтар аудиожазба арқылы 50-60 сөзден тұратын мәтінді тыңдап, диктант жазды.
2025 жылы қазақ әліпбиі латын графикасына толықтай көшіп болады. Жаңа графикаға көшу үшін алдағы уақытта іс-шаралар легі ұйымдастырылмақ.