0:00 / 0:00
Ардагерлер арасындағы спортакиадаға 150ге тарта қатысушы жұмылдырылмақ.Бүгін динамо шаңғы кешенінде қысқы спорт түрінен жарыс ұйымдастырылуда. Оған қатысуға ниет білдірген ардагерлер серпіні күшті.
Жыл соңына дейін әлі спорттың 10 түрінен сайыстар өтпек. Олардың барлығы да бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, ардагерлер әлеуетін көтеруге бағытталып отыр.
Шаңғымен сырғанап шыныққан қариялар лезде мәреге де жетіп жатты. Жастары жетпістен асса да әлі ширақ жандардын осы спортпен айналысып жүргеніне 30-40 жылдан асыпты. Ал спорттық дода соңында үздіктердің үздігі атанғандар марапатталып, жүлделер табысталды.