Кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Әкім ел президентіне өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштердің өскені туралы, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. 2017-жыл нәтижесі бойынша жалпы өнім көлемі 2,2 триллион теңгеге жеткен. Алтай Сейдірұлы қабылдауда өнеркәсіп, құрылыс салаларының дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы жөнінен де хабар берді.