Бөрлі ауданы прокуратурасы аудан аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуына талдау жүргізді.
Мектептерде өрт қауіпсіздігі ережелері қамтамасыз етілмегені анықталды. Атап айтқанда, жертөлелерде жанғыш заттар мен материалдар сақтаған, мектеп ғимаратындағы ықтимал өрттерді сөндіру үшін өртке қарсы сумен жабдықтау көздері жоқ, өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтар бекітілмеген, өрт дабылдары жұмыс істемейді және т.б.
Бұзушылықтарға қарамастан, мектеп директорлары оларды жою шараларын қолданбай, оқу үдерісін жалғастырған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 24 жалпы білім беретін мектептер ӘҚБтК-нің 410-бабының 1-бөлігімен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.