ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Нұралиев Айдар Аллабергенұлына бұл орын сеніп тапсырылды. Білімі - жоғары. Ағылшын тілін еркін меңгерген, іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі. Айдар Аллабергенұлы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Әр жылдары ҚР Қаржы Министрлігінің Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің директорының орынбасары, Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, 2020 жылдан бастап ҚР энергетика министрлігі стратегиялық және ақпараттық даму департаментінің директоры қызметін атқарған. Енді жаңа орынбасар қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.