Ресейдің Волгаградында қазақстандық жауынгерлерге арналған ескеркіш орнатылмақ. Ескерткіш Мамай қорғандарында орын тебеді. Аталмыш монумент Сталиград үшін шайқаста қаза болған жандарға арналмақ. Жоба аясында жұмыстанып жатқан делегация қызметкерлері сұм соғысқа аттанған жауынгерлердің туған жерлерінің топырағын жинастырып жатыр. Кейін, делегация мүшелері туған жердің бір бөлшегін Волгоградқа алып бармақ. Делегация құрамы Орал қаласына да табан тіреді. Олар өңіріміздің жастарымен кездесіп, соғыс жылдарын естеріне түсіріп, фашизммен арпалысқан батырлардың ерлігін баяндады.