Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батыл ұсыныс

c 19:50, 12/11/2019 c 453

0:00 / 0:00

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина басшыларын татуластыру керек деді. Бұл жайында Назарбаев елордада өткен "Astana club" саяси форумының пленарлық мәжілісінде айтты. Сондай-ақ, ол билік транзитіне қатысты пікірін жеткізді.

Саяси форумда халықаралық ұйымдардың рөлі сөз болды. Еуразиялық экономикалық Одақтың болашағына тоқталған елбасы, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікірін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бір-біріне жақын ел болып табылатын- Ресей мен Украинаның арасындағы жағдай  қынжылтады деді. Назарбаев екі ел де ол үшін жақын екенін және осы елдердің басшыларын татуластыру үшін талай қадам жасағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездескенін айтып өтті. Ал кеше Ресей басшысы Владимир Путинмен бұл мәселені ары қарай қалай шешуге болатыны туралы сөйлескен.

"Astana club" саяси форумына қатысқан халықаралық сарапшылардың алдында Назарбаев өзіне жиі қойылатын сұрақ-билік транзиті туралы мәселені тағы көтерді. Елбасы 2020 жылы аяқталатын Президенттік өкілеттілігінен бір жылға ерте бас тартқанын айтты. Мұндай тарихи шешімдер бірнеше елдің басшыларының басынан өткен деді ол.

Халықаралық деңгейдегі жиында Нұрсұлтан Назарбаев құрлықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Еуразиялық қауіпсіздіктің толыққанды моделін құру қажет деген ұсынысын алға тартты. Оны Еуропа мен Азияның аймақтық модельдері негізінде жасауға болады деді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.