2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа жол берген 3 бірінші басшы, оның ішінде 2 облыстық және 1 аудандық деңгейдегі басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 6 млн. теңге айыппұл төлеу үкімімен облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Есенов сотталды. Ол өзінің қарамағындағы қызметкерден қызмет бабында жоғарылағаны және одан әрі қолдау көрсетуі үшін жалпы сомасы 200 мың теңге пара алған. Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ең көп бөлігін құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасағаны анықталған.