Биылғы жылдың өзінде облыс көлемінде «Бизнес Бастау» бағдарламасы арқылы 900-ден астам батыс қазақстандық кәсіпкерліктің қыр- сырын меңгеріпті. Кәсіпкерлікті меңгерген жандардың 750-ге жуығы бизнес жоспарларын қорғап та үлгерген. Өткен жылы бұл бағдарлама облыстың 5 ауданында іске асып, ауылдық азаматтарға кәсіпкерлікті үйреткен болатұғын. Ал, биылғы жылы бұл бағдарламаның географиялық аумағы кеңейіп, бүгінде 12 ауданда өмір сүретін азаматтар игі жақсылыққа қол жеткізіп отыр. Оқыту бағдарламасы 1 айға жоспарланған. Сала мамандары жеке кәсіп ашуды меңгеріп жатқан жандардың 70 пайызы ауыл шаруашылыққа бет бұруды көздеп отыр,- дейді. Сондай-ақ, арнайы бизнес бастағысы келген азаматтардың 25 пайызы қоғамдық тамақтану ісі бойынша xалыққа қызмет етуді жоспарлап отырған көрінеді. Қазіргі таңда облыс көлемі бойынша 230-ға жуық жоба қаржыландырылыпты.