Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана жайы шешімін табуда

c 18:05, 15/10/2018 c 657

0:00 / 0:00

Сенаторлардың қатарында Ақжайық жерінің тумалары Бірғаным Әйтімова, Ерболат Мұқаев және Нариман Төреғалиев бар. Алдымен сенторлар Гагарин көшесі бойында "Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" арқылы салынып жатқан үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталмыш баспана жылдың соңына дейін тұрғындар игілігіне пайдаланылуы тиіс. Бүгінде Орал қаласы бойынша 41 апатты үй болса олардың мәселесі "Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" бағдарламасы аясында шешімін табуда. Осы орайда сенаторлар құрылыс компания басшыларына тұрғын үйлердің сапалы әрі уақытылы салынуын, сондай-ақ үйлердің қала көркін аша түсетіндей сәнді тұрғызылуы керектігін айтты.

БІРҒАНЫМ ӘЙТІМОВА
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Елбасының жолдауына инженерлік инфрақұрылымды жақсарту арқылы 2 миллионнан астам халықтың баспана мәселесін шешуге жағдай жасалатыны туралы айтылды. «Тұрғын үй құрылысы бойынша бағдарламаны іске қосу 5 жылдың ішінде 650 мың отбасының немесе 2 миллион адамның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді». Оралда баспана мәселесі өте жақсы шешімін тауып келеді. Тек құрылыс жұмыстары сапалы орындалы тиіс.

Осы орайда қала әкімі қала аумағында жаңадан салынатын үйлерге 20 орын белгіленгенін, ал апатты деп танылған үйлердің орнына бірінеше жергілікті құрылыс компаниясы жаңа үйлерді тұрғызып жатқанын мәлімдеді.

МҰРАТ МҰҚАЕВ
Қазір 5 компания құрылыс жұмыстарымен шұғылдануда. Үстіміздегі жылы 2 көпқабатты пәтер пайдалануға берілді. 11 үйдің құрылыс жұмысы басталды. Барлығы 18 апатты үй келер жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

Гагарин көшесі бойындағы апатты үймен қатар құрманғазы 198 мекен-жайдағы баспананың да құрылыс жұмыстары аяқтала келген. Тың жоба қос тарапқа да тиімді. Біріншіден, тұрғын үй құрылыс комбинаттары толық қуатына кіріседі. Ал апатты үй тұрғындары жаңа пәтерлерге ие болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ,
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Облыс орталығымен қоса аудандардағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағаламақшымыз. Мәселен осыдан бірер күн бұрын Жаңақала ауданындағы бірқатар елді-мекен ауыз сумен қамтылды. Ендігі кезекте Теректі, Зеленов, Жалпақталдағы жұмыстардың барысымен танысатын боламыз.

Аталмыш бой көтеретін тұрғын үйлердің айналасы абаттандырылып, балалардың ойын алаңдары, спорттық алаңқайлар, өзге де тұрмыстық нысандар салынбақ.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.