Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана- басты проблема

c 20:15, 15/10/2020 c 637

0:00 / 0:00

Үкімет қабылдаған  үш тұрғын үй бағдарламасы да әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін тиімсіз болып отыр.  Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар бұл бағдарламалар  жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік бермейді деп санайды. Өздеріңізге мәлім, "Нұрлы жер" бағдарламасына кіретін "Шаңырақ" – "5-10-20" пилоттық жобасы, "7-20-25"  және "Баспана хит" бағдарламары қабылданып, баспанасыз жүргендер қарық болады делінгенді. Алайда, іс жүзінде әлжауаз топтар үшін бұл жеңілдіктің өзі қиын жол болып отыр.

Сенаторлар үкімет қабылдаған әдістемесі әдемі  баспана бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотека ала алмай жүрген, тұрмысы төмен қазақстандықтардың проблемасын көтерді. Депутат Ләззат Сүлейменнің айтуынша, тұрмысы төмен азаматтар үшін  баспана алуға бағытталған үш бағдарламада кедергілер көп. Бұл  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары үшін жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ,  "7-20-25" бағдарламасынан да үміт жоқ дейді сенатор ханым.  Әрине  көптеген қазақстандық үшін едәуір қолжетімді. Бірақ, оның бір кемшілігі – ол тек бастапқы тұрғын үй нарығына ғана бағытталған.

Мемлекет ұсынып отырған тағы бір бағдарлама- "Баспана хит" . Бұл арқылы екінші нарықтан пәтер алуға болады. Бірақ, оның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі жоғары.

Сондай-ақ, сенаторлар азаматтарды жалғыз тұрғын үйінен мәжбүрлеп көшіру мәселесін де көтерді. Бұл адам құқығынг бұзу болып табылады дейді олар.

Мұндай жағдайда  балама тұрғын үй ретінде арнайы баспаналарда орын беруді немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй беруді қарастыру керек деген ұсынысты алға тартты сенаторлар. Қазақстанда жалпы ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары, 18 пайызды құрайды. Оның өзінде алғашқы жарнаң болмаса үй алу арманға айналады. Тапқан нәпақасы қант-шайынан аспайтын азаматтар үшін баспана алу басты проблемаға айналған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.