Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана бағасы қымбаттады

c 17:47, 28/01/2021 c 689

0:00 / 0:00

2020 жылдың желтоқсанында Оралда жаңа үйлердің бағасы 14 пайызға, екінші нарықтағы баспана 25,5 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы статистика басқармасының мамандары мәлімдеді. Қазіргі таңда баспана бағасының шарықтауы тек Оралда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде байқалады. Пәтердің сатып алу құнынан бөлек, облыс орталығында баспананы жалдау құны 13 пайызға өскен. Пәтер бағасының күрт қымбаттауын экономист мамандар қалай түсіндіреді?

Артур Искалиев бірнеше жылдан бері пәтер сатып ала алмай жүр. Ол пәтердің бастапқы бағасын қанша жинасақ та, баспана құны құбылып, қаржымыз бір жетпей қойды,- дейді.

Кейіпкеріміз секілді баспаналы болуды армандап жүрген жандардың қарасы қалың. Мамандар нарықтағы бағалардың шарықтауын үш түрлі фактормен байланыстырады. Экономист Мақсат Халық нарықтағы баспана құны өткен жылы болған девалвациядан кейін қымбаттады,- дейді.

"Жақында іске қосылған зейнетақы қорынан ақша аудару процесі де бағаның қымбаттауына өз септігін тигізді",- дейді мамандар.

Риэлторлар Оралда пәтердің бағасы шамамен 10 пайызға қымбаттағанын айтады. Пәтер иелері сату процесі барысында қақын қымбат қоятыны жасырын емес. Десек те, саудаласу барысында алғашқы баға 200-300 мыңға дейін кемиді. Пандемия кезінде жер үйлерге деген сұраныс артқан. Бірақ жайлы жер үй алуды азаматтардың қалтасы көтере бермейді.

Экономист мамандар баспана құны көктемнің аяғында арзандап, баға тұрақтанады деп болжам жасауда.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.