Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана бағасы

c 15:24, 09/10/2020 c 714

0:00 / 0:00

Оралда баспанасы бағасы қымбаттап барады. Статистика департаментінің келтірген дерегіне сүйенсек, қыркүйек айында үйдің бағасы өткен жылдың тоғызыншы айымен салыстырғанда 18,4 пайызға өскен. Қазіргі таңда баспананың бір шарты метрінің бағасы 184 862 теңгеден сатылып жатыр.

Орал қаласында қыркүйек айында баспана бағасы қымбаттағаны байқалады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, үйдің бағасы 2019 жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсіпті. Сала мамандары абаттандырылған пәтерлердің бір шаршы метрі қазір 185 мыңнан сатылып жатыр,- дейді.

Дәуренбек есімді риэлтор облыс орталығында пәтердің бағасы қымбаттап, келешекте құлдырауын күтіп отырмыз,- дейді. Қазіргі таңда 6-шағын ауданда орналасқан 1 бөлмелі пәтерді 10 млн теңгеге сатып алуға болады екен. Ал өзге аудандарда 2 бөлмелі баспананы 9 млн теңгеден бастап саудалап жатырған көрінеді.

Риэлтор пандемияның салдарынан көпқабатты үйдегі пәтерін сатып, жер үйге көшіп жатқан бұқараның қарасы артқан,- дейді. Сол себепті жер үйлердің бағасы да күн санап артып келеді. Маманның сөзіне сенсек, тұтынушылардың көбі "Жұлдыз" ауданынан үй алғысы келеді. Аталмыш ауданда орташа есеппен 70 шаршы метр, 5 соток жерді 11 млн теңгеге сатып алуға болады екен. Мамандар күзде баспана бағасы арзандайды деп болжап отыр. Ал бұл жорамалға пандемия өзгеріс енгізуі әбден мүмкін!

Сурет ғаламтордан жүктелді

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.