Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана бағасы

c 18:09, 10/01/2020 c 686

0:00 / 0:00

2019 жылы Орал қаласында жаңа тұрғын үйлердің бағасы 12,5 пайызға қымбаттаған. Жаңадан салынған пәтердің бір шаршы метрі 166 мың теңгені құрапты. Бұл туралы облыстық статистикалық департаментінің өкілдері мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде Қазақстанда қаңтар мен ақпан айларында үйдің бағасы шарықтайды деген жазба жарияланған болатын. Осыған байланысты арна тілшілері өңірдегі соның ішінде облыс орталығындағы баспана бағасының хал-ақуалын зерттеп көрді.

Баспана бағасы тағы қымбаттады. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, өткен жылы жаңа үйлердің құны 12,5 пайызға өскен.

Үйді саудалауға ат салысатын реэлторларда өткен жылдың наурызынан бастап, облыс орталығында баспана саудасында белсенділік байқағаның айтады. Сала мамандары бұны елдегі ипотекалық бағдарламалардың көптеп жұмыс жасауымен байланыстырып отыр. Себебі, пәтер сатып алушылардың 80 пайызы баспанасын несиеге рәсімдейді.

Қазіргі таңда шаһарымыздың орталығында орналасқан бір бөлмені пәтер 5-7 млн, екі бөлмелі баспана 7-10 млн, үш бөлмелі үйдің құны 14 млн теңгені құрап отыр. Қаламыздағы жаңа ықшам аудандардағы пәтер құны орталыққа қарағанда қымбаттырақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.