0:00 / 0:00
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын өткізудің мақсаты - тұрғындар арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жанашырлық пен құрмет құндылықтарын дәріптеу. Бүгінде жас ерекшелігіне қарамастан тазалық жұмысына қатысуға ниет білдірген облыс тұрғындарының қатары артуда. Әсіресе, сутденттер мен оқушылардың белсенділігі жоғары.
ДУЛАТ ЖҮСІПҚАЛИЕВ
ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ
АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА
ТІЛШІ
АЯУЛЫМ БЕГАЛИЕВА
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ СТУДЕНТІ
Басқақ тоғайы - облыс тұрғындары жиі бас қосатын орын. Сондықтан табиғат аясындағы демалыстан соң айналада тұрмыстық қалдық көп жиналады. Демалушылардың экологиялық мәдениетін арттыру үшін жаппай сенбілік өткізудің маңызы зор. Бұл жолы тазалық шарасына қатысушылар арасында күл-қоқысты жинау эстафетасы ұйымдастырылды. Қоқыс толы қапшықтардың көлеміне байланысты жеңімпаз анықталып, ынталандыру сыйлығына ие болды.