0:00 / 0:00
Бүгін Оралда қос мүмкіндігі шектеулі жан шаңырақ көтерді. 63 жасар Александр Сареев пен 53 жасар Гүлнара Айдаралиева Орал қалалық арнайы әлеуеметтік қызмет көрсету орталығында тұрады. Олардың басқосу тойларына қаладағы еріктілер мен спорт басқармасы қолдау көрсетті. Бір орталықта 10 жылдан аса бірге күн кешіп келе жатқан Александр мен Гүлнара бүгін некеге отырды. Тағдырдың тауқыметіне мойымаған олар өздерінің ендігі тағдырларын бір арнаға тоғыстыруды жөн көріпті. Олардың бұл қадамдарын көпшілік құп көріп қауанышты күндеріне құтты болсын айта келіпті. Иа, екеуі де мүмкіндігі шектеулі жан. Александр Сариев қол күресімен шұғылданса, Гүлнара үстел тенисінен бірнеше бәсекенің жеңімпазы. Бір бірін сөззсіз түсінетін жандардың жүзі бақыттан бал бұл жайнады. "Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжановтың берген ақпаратына сүйенсек, өңірде барлығы 25 мыңға жуық кембағал жан бар. Олардың 11 200-нің құлағы естімейтін болса, 1932-нің көзі нашар көреді екен. Ал осы тұлғалардың екі мыңдайы мәдени шараға белсене қатысатын болса, спортқа мыңнан астамы бейім көрінеді.