0:00 / 0:00
БҚО да Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бас есепшісі 7 млн теңгені жымқырған. Қазіргі таңда ісі сотқа жолданған, есепші қыруар қаржыны заңсыз бұғалтірлік құжат жасап, мемлекет қаржысын қалтасына басқаны үшін істі болып жатыр. Департамент басшысы қылмыс әшкере болған кезде, есепшінің жұмыстан қуылғандығы мен оның орынбасалары тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын айтады. Құзырлы орган келешекте жемқорлыққа жол бермеу үшін қандай шараларды қолға алып, жүзеге асырып жатыр?
БҚО өткен 2015 жылдан бастап қылмыстық атқару жүйесінің 5 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасап, жауапкершілікке тартылған. Заңды аяққа таптаған құзырлы орган қызметкерлерінің басым көпшілігі жазасын түзету мекемелерінде өтеп жатыр. Мәселен, 2015 жылдың маусымында РУ 170/2 мекемесінің бастығы 684 мың теңге көлемінде қаржыны жымқырып, сотталған. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлердің дені пара алып, қаржыны қолды қылған. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін арнайы полиция басқармасында кездесу өтті.
Құқық қорғау саласының мамандары бас қосқан жиында өткен жылы тіркелген заң бұзушылықтар талқыланды. 2018 жылы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бас есепшісі заңсыз бұғалтерлік құжат жасап, 7 млн теңгені қолды қылыпты. Қазіргі таңда аталмыш есепшіге қатысты іс сотқа жолданған. Жиында сөз алған сала мамандары жыл санап сыбайлас жемқорлық фактілері еселеп артып отырғандығын айтады.
Жиында сөз алған қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы сыбайлас жемқорлыққа жол бермес үшін қылмыс жасаған бас есепшіні жұмыстан шығарып, орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын жеткізді. Сондай-ақ, құзырлы органның бастығы парақорлықтың қандай ауыр қылмыс екендігін түсіндіру үшін жеке құраммен жиі кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізетіндігін тілге тиек еткен еді. Жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлердің заңнан жаңылмауы үшін олардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік тұрмысын қадағалап отыратын көрінеді.