Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Барымташылар ісі бойынша сот үкімі шықты

c 17:50, 24/11/2021 c 1508

0:00 / 0:00

Шекаралас жатқан екі бірдей облыстың малшыларына маза бермеген барымташыларға сот үкім кесті. Батыс Қазақстан облысы соты хабарлағандай, айыпталушы - төрт адам. Бірақ сот оларды қылмыстық топ ретінде қарастырмай, әрқайсысына бөлек шешім шығарған. Сотталушылар жергілікті тұрғындар. Үшеуінің туыстық қатынасы болған. Олар жергілікті төрт-түлікті ғана емес, Атырау облысының да малдарын қолды еткен. Сотталушылардың үйінен, айғақ зат ретінде сойылған мал еті, балта, пышақ секілді құралдар және мылтық, оқ-дәрі табылыпты. Ұрылар олжалаған төрт түліктің 79 пайызы жайылымнан жоғалған. Малын жоғалтқандардың кейбірі бір жыл өткеннен кейін ғана полицияға шағым түсірген. Сот ұрыларға 5 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.