0:00 / 0:00
Соның ішінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты қылмыстар да қатаң қадағалануда. Соған қарамастан бұзушылықтар саны азаяр емес. БҚО кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының қызметкерлерінің пайымдауынша ата-аналардың көпшілігі бүлдіршіндерге немқұрайлы қарауда. Мәселен, осыдан бірнеше күн бұрын Зашаған ауылында 3 жасар қыз бала түнгі сағат 2.30-дар шамасында дүкеннің маңынан табылған. Анықталғанындай, сәби ата-анасы тәтті ұйқыға батқан кезде дүкенге сусын алуға шыққан. Биік қақпаны ашып, екі алып иттің қасынан қалай еш дыбыссыз өткені әлі күнге дейін белгісіз.