Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Барлығына қарсымын»

c 18:38, 05/05/2021 c 885

0:00 / 0:00

«Барлығына қарсымын».  Енді Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендейді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсымын» деген тарау енгізіледі.Бүгін Мәжіліс мақұлдаған сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістің тағы бірі, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге мүмкіндік туды.

«Сайлау туралы» заңға өзгеріс енгізу президенттің бастамасы болатын. Мәжіліс мақұлдап, сенатқа жол тартқан заң жобасына сәйкес,  аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайланатын болды.Бүгінде елде 2 300 аса   әкімшілік-аумақтық бірлік бар. Ағымдағы жылы  836 әкімді халық өзі дауыс беріп, сайлап алмақ.  Тек 25 жасқа толғандар ғана әкім саулауына түсе алады.

Әкім сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуына 10 күн қалғанда өтеді. Сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады.

Су жаңа әкім жүргізіп жатқан жұмысы туралы халыққа есеп береді. Заң жобасындағы тағы бір жаңалық- сайлау бюллетеньдеріне "барлығына қарсымын деген" графа қосылады. Сайлаушы бюллетендегі саяси партиялардың біреуін де қолдамай тұрса, барлығына қарсымын деп белгілей алады.

Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы «Бәріне қарсымын деген графа сайлау бюллетеніне енгізіледі. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Мемлекет басшысы балалмалы пікір, барлығына қарсы дауыс беру түсініктері қалыпты жағдай болуы керек дегенді. Бұл қазақстандықтарға өз пікірін ашық білдіруге мүмкіндік береді».

Осы жыл басында өткен Парламент сайлауында мәжіліс депутаттағына үш партия ғана өткені есімізде. Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы 7 пайыздық шекті жинады. Осы додада Ауыл мен Адал партиялары  шекті пайызға сәл алмай қалғанды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс жинау шегін 5 пайызға төмендетуді ұсынғанды. Бұл ұсыныс та мәжіліспен қолдау тапты. Енді заң жобасының одан арғы тағдырын сенат шешеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.