0:00 / 0:00
"Сбербанктың" облыстағы филиал ғимаратына келуші халықтың қатары көп. Банк тұтынушыларының айтуынша, соңғы бір айда ақша аудару мүмкін болмай отыр. Және несие төлеуге қатысты да бірқатар мәселе бар.Бірнеше күннен бері ресейлік банк филиалына жиналған халықтың қарасы қалың. Банк клиенттерінің сөзіне сенер болсақ, көбі шетел аумағында жүрген жақын-жуығына ақша аудара алмай әбігерге түскен. Солардың бірі - Ольга Щучкина. Ол Ресейде оқитын ұлына қаражат жібере алмай жүр. Оған қоса ниесе төлеміне қатысты да мәселе айтылуда. Өйткені кешегі тәуліктен бастап тұтынушыларға смс хабарлама келіп, төлемдердің өзге банк арқылы жүргізілетіні хабарланыпты. Белгілі болғандай жарияланған санкцияға байланысты Halyk Bank және «Сбербанк» АҚ ортақ келісімге қол қойды. Оның шеңберінде клиенттерінің кредиттік портфелін толықтай Halyk Bank орындайтын болады. Бұл туралы Қазақстанның даму банкі хабарлады. Мәміле Қазақстан Даму Банкінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша рәсімделген.
Қазіргі уақытта жеке тұлғалар кредиттерінің ауысу процесі іске қосылған. Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.