Қазталовтың ортасын бөліп тұрған Қарасу тоғанында балықтар жаппай қырылуда. Мәселен сіздер көріп тұрған видеоны ауыл тұрғыны түсіріп алған. Аудан әкімі Абат Шыныбековтың берген ақпаратына сүйенсек, Қарасу тоғаны ағынды су емес, ауыл тұрғындарының техникалық қажеттілігіне арналған су қоймасы. Жылма-жыл аудан әкімшілігі жергілікті еріктілерді қосып қыс мезгілінде балыққа ауа жіберу мақсатында ойықтар ою, су астына ауа жіберу жұмыстарын жүргізуде. Тек осы қыс айларында 900 астам ойықтар ойылған. Дегенмен, тоғанның кей жерлеріндегі судың қату тереңдігі балықтардың мұзға қатып қалу фактісіне әкеліп отыр. Қазір тоғанды өлген балықтан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстардың басында жүрген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев пен округ әкімі Жүсіп Шакуов, мекеме, ұжым қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдыруда. Бүгінгі күннің соңына дейін қырылған балықтар толықтай тазалану жоспары бар. Айта кеткен жөн, аудан әкімі өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде тұрғындарды сабырлылыққа шақырып, болған оқиғаның мән-жәйын түсіндіріп ақпарат берген болатын.