Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 1-ші маусымнан бастап Жайық өзенінен басқа су айдындарында балық аулауға рұқсат беріліп отыр. Яғни, әуесқой балықшылар 5 келіге дейін балық аулай алады. Сондай-ақ, балық аулағысы келетін жандарда ілмектері бар қармақтардың саны 5-тен аспауы керек. Балықшы өзімен бірге жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақ, спинингтерді алып жүре алады. Егер, балықшы 5 келіден артық балық аулағысы келсе, онда азамат электронды түрде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына ақылы түрде өтініш беруі керек. Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында 200-ден астам су айдыны бар.