Оралда жаңа туған сәбиін өлімге қиған «көкек» ана табылды. Естеріңізде болса, 5 наурыз күні сағат 18.35тер шамасында Деркөл ауылындағы зират маңында жамылғыға оралған жаңа туған нәрестенің денесі табылған болатын. Аталған дерек бойында ішкі істер органдары сәбидің анасын анықтау бағытында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті екі күннен соң қолға түскен. Алайда, 1985 жылғы азаматша күдікті ретінде ғана ұсталып, тергеу аяқталмайынша, бұқараға бұл жөнінде хабарланбай келді. Өткізілген сараптамаларға сай, күдікті мен марқұм нәрестенің сәйкестігі 99 пайызды көрсетіп отыр. Ал көкек ана өз кінәсін мойындап, болған іске өкінішін білдіруде. Қылмыс ауыр қылмыс түріне жатпайтындықтан, көкек анаға ауыр жаза қолданылмай, 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу шарасы тағайындалуы ықтимал.