Бауыр еті баласын құрылыс алаңына тастап кеткен анаға ата-ана құқығы қайта берілді. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі мамандары хабарлады. Шешімді облыстық ювеналды сот қабылдаған. Еске сала кетейік, өткен жылдың 26 шы маусымында салынып жатқан үйдің терезесінің алдынан нәресте табылған болатын. Кейін көкек ана табылып, өз ісін мойындаған болатын.Еш жерде жұмыс жасамайтын ол сәбиді балалар үйіне апарғысы келгенін айтқан, алайда мекенжайын таба алмаған. Бұдан бұрын қалалық сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындаған болатын.
Альфия Дунекова
Орал қалалық білім беру бөлімінің жетекші маманықазір оның ата-ана құқығы қайтарылды. осы уақыт бойы Әлижанның анасы облыстық балалар үйіне барып,баланы қарап жүрді. Ол енді өз ісін қайталамайды, және өңірімізде бұндай оқиға болмайды деген үміттеміз. Сот үкіміне дейін сәби балалар үйінде болады. бірақ жхақын уақытта туған анасының тәрбиесіне беріледі