0:00 / 0:00
Сенаторлар бала құқығын қорғауға арналған құжатты талқылады. Мұнда ата-ана қамқорысыз қалған балаларды асырап алу тәртібі реттелді. Оқу-ағарту министрлігі жетім балаларды асырап алғысы келетін үміткерлерге қойылатын талаптарды қатайтуды ұсынып отыр. Бұл орайда бала асырпа алуда ерлі-зайыптыларға басымдық берілмек. Бала мен асырап алушының жас айырмашылығы, бала асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңартып отыру талаптары бар. Асырап алушылар үшін міндетті психологиялық диагностика жасап, аккредиттелген ұйымдар арқылы оқытылады. Олар кәсіби патронаттық отбасылар сияқты әрекет етеді. Қазір бұл түзетулер мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Депутаттардың айтуынша, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 91-бабында тіркелген некеде тұрмаған еркектерге бала асырап алушы болуға тыйым салу Конституциясына қайшы келеді. Алайда дәл ер азаматтардан балаларға қауіп көп төніп отыр дейді сенатор Ниязова. Биыл балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмысы артқан.
НҮРИЯ НИЯЗОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «2024 жылдың 11 айында балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, оның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық саны артып келеді. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 890 қылмыс жасалған. Ресми мәліметтерге сәйкес, мұндай құқық бұзушылықтардың 99 пайызын ер адамдар жасайды.Бұл заңда қорғаншылық, патронаттық тәрбие және бала асырап алу институттарын нығайту мәселелері Конституциялық Соттың қаулысын ескере отырып қарастырылмаған».
Ал демалыс күндері Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді зорламақ болғаны үшін қамауға алынғаны туралы ақпарат шықты. Ішкі істер вице-министрі бұл ақпарды растап отыр.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Отнадық БАҚ-ғы мәліметке сүйенсек, бұл жағдай Астана қаласында орын алған. Ауруханада сегіз жасар қыз баланы зорламақ болған күдікті әскери бөлімде қызмет етіп жүрген подполковник. Ал Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қыз баланы топтасып зорлаған жасөспірімдердің соты жақын арада өтеді. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова сенат дәлізінде берген сұқбатында айтты. Еске салсақ, Жамбыл облысында қыз баланы топтасып зорлады деген күдікпен кәмелетке толмаған үш адамды ұсталған еді.Минитсрлік өкілінің айтуынша, жәбірленуші мен жасөспірімдер бір бірін таниды. Оқиға жазда бір ауылда болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары толықтай аяқталды, іс материалдары сотқа жолданды.