Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУ ЖАҒДАЙЫ КӨБЕЙДІ

c 16:16, 08/08 c 26

0:00 / 0:00

Ашық терезеден төнген қауіп азаяр емес. Соңғы 3 жылдың ішінде облыс аумағында балалардың терезеден құлауы бойынша 24 жазатайым оқиға тіркелген. Оның ішінде 9 жағдай биылғы жылдың еншісінде.

Жаз басталғалы жаңалықтардан түспеген тақырып бұл. Балалардың ашық терезеден құлап кетуін болдырмау мақсатында атқарылыған іс көп. Нәтиже қандай екен?

Жыл басынан бері осы уақытқа дейін Зачаганск кентінде орналасқан 10 пәтердегі 30 терезеге балаға терезені ашуға мүмкіндік бермейтін бұғаттағыштар орнатылған ед(і). Алайда бұл шара жеке кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асты. Енді алдағы уақытта жақсы іс жалғасын табуы үшін басқарма Орал қаласы әкімі аппаратының құрылыс және сәулет бөлімдеріне, құрылыс компанияларына хаттама жолдаған. Онда аталмыш компанияға көп пәтерлі тұрғын үйлерді жобалау және салу кезінде терезелерге арнайы бекіткіштер орнатуды ұсынған.

Төтеншеліктер өз үйіне терезе бұғаттағыш орнатқысы келетін облыс тұрғындарын республикалық «Өзіңнен баста» атты акцияға қатысуға шақырады!

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.