0:00 / 0:00
Оралда "Отбасы" орталығында халықаралық балаларды қорғау күніне орай, салтанатты шара өтті. Орталықтың қызметкерлері "Отбасы" мекемесінен қызмет алған, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған мекемені паналаған жандардың балаларына мерелік көңіл-күй сыйлап, тәттілерін үлестірді. Мерекелік шарада түрлі мультфильімнің кейіпкерлері би билеп, балалар ән шырқап, түрлі ойындарды ойнады. Естеріңізге сала кетейік, "Отбасы" орталығы 2020 жылдың маусымында ашылды. Күні бүгінге дейін осы орталықтан 2700 астам оралдық қызмет алыпты.