0:00 / 0:00
Бүгін таң сәрісімен облыс әкімі Ғали Есқалиев отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. «Аялаған Алақан» қоғамдық қоры ұйымдастырған бас қосу еркін форматта өтіп, балалар өңір басшысын жылы шыраймен қарсы алды. Балалар ауылында жайылған дастарханда бірге таңғы ас ішкен өңір басшысы мен балалар арасында емен-жарқын сұқбат орнады. Осыдан 17 жыл бұрын қызметін бастаған балалар ауылы бүгінге дейін 196 тәрбиеленушінің томағасын сыпырып, үлкен өмірге қанат қақтырған. Бүгінде бұл орында тәрбиеленушілердің дені ұл балалар. Ал балалар ауылында спорт алаңдары жоқтың қасы. Ұлт болашағы -дені сау ұрпақ деп білетін мамандар жылы шырайлы кездесуде өңір басшына аталмыш мәселе туралы айтты. Ал тәрбиелушілер өз армандарымен бөлісті. Шараны ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің биылғы жылы көптеп болатынын тілге тиек етті. Кездесу барысында облыс әкімінің атынан балаларға кәде сыйлар табысталды. Ал жиын соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды.