Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

c 16:20, 08/08 c 30

0:00 / 0:00

Орал қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында жазда су айдындарында, қоғамдық орындарда, жолдар мен үйлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Толығырақ сюжетте.

Кәмелетке толмағандардың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде барлық мүдделі құрылымдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ-2024» ведомствоаралық акциясы іске асырылуда. Осы акция аясында жауапты органдар жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы есеп беріп, ұсыныстар ортада талқыланд(ы). Жақында тағайындалған облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы мәселелерге өз көзқарасын білдіріп, шешу жолдарын қарастырды.

Балалардың денсаулық жағдайы, олардың еңбек құқықтарын қорғау, су, өрт және жолдардағы қауіпсіздік шаралары талқыға салынды. Соның ішінде қазіргі уақытта маңызды мәселелердің бірі - су айдындарында балаларды қорғау. Жыл басынан бері облыс аумағында өзен-көлдерде 8 адам қаза болған, оның 4-еуі бала.

Балалардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге арналған жиын жалғасын табатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.