Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАЙ АЛАМЫЗ БА?

c 19:11, 26/08 c 36

0:00 / 0:00

Бала қауіпсіздігіне қатысты тиісті шаралар, түсіндіру жұмыстары, ескертулер жасалып жатқанымен. Балаларды қорғай алмай отырмыз. Тізе бірсек бала қауіпсіздігіне қатысты орын алған өкінішті оқиғалардың себебі әртүрлі. Бірі жазатайым болып жатса, енді бірі кісі қолынан зардап шегіп, өлім құшып жатады. Ресми статистикаға сүйенсек, өткен жылы 1093 бала жарақат алып, көз жұмған. Балардың терезеден құлау фактілері көп. Қараусыз қалған балалар өрт құрбаны болып жатады. Бұған кім кінәлі? Дөңгедек үстел басына жиналған құзырлы органдардың өкілдері әртүрлі себепті алға тартады. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда балалар арасындағы өлім-жітімнің үшінші себебі биіктіктен, оның ішінде терезеден құлау жағдайларынан орын алады. Бұл көрсеткіш үш жыл ішінде біз 1,6 есеге өскен. Жылдан жылға өлім саны да азаймай отыр. Әрбір жазатайым оқиға қоғамдық резонанс тудырады, өйткені кішкентай балалар жарақат пен өлімге бейім дейді олар.

МАҒРИПА ЕМБЕРГЕНОВА – ҚР ДСМ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ «Жарақат алу жағдайларының 70 пайызы үйде болады. Балалардың 20 пайызы жарақат салдарынан қайтыс болады. Біз оларды аурудың салдарынан жоғалтпаймыз: бұл дені сау балалардың өлімі. Кейбір балалар мүгедек болып қалады, ал сыртқы себептерден мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын алуға болады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы 0 мен 17 жас аралығындағы 1093 бала жарақаттан қайтыс болғанү Ал биыл алты ай ішінде терезеден 223 бала құлады, 12-сі көз жұмды, бұл өте өкінішті».

Сондай-ақ, қорғансыз балалар тілсіз жаудың құрбаны болып жататын деректер де көп тіркеледі. Төтеншеліктер ата-аналармен бала қауіпсіздігіне қатысты ескертулер, түсіндіру жұмыстарын қанша жүргізсек те, оқиға қайталанып отыр дейді.

Жол үстіндеде де балалардың қауіпсіздігін қамти алмай отырмыз. Полиция кейде мектеп әкімшілігі тарапынан да қателіктерге жол беріліп жатады дейді. Оқушыларды әртүрлі жарыстарға апару кезінде жол қауіпсіздігі толық сақталмайтын деректер де жоқ емес.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада жыл сайын балалар арасында 200 мыңға дейін жазатайым оқиғалар мен жарақаттар тіркеледі. Оның 1,2 пайызында балалар өмір бойы мүгедек болып қалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.