Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балаларды 5 жастан мектепке беру мәселесіне қатысты тергеу жүріп жатыр

c 16:45, 24/07/2018 c 780

0:00 / 0:00

5 жасар баланы мектепке дейінгі мекемелерден шығару жөнінде ата-аналарға таратылған хабарлама заңсыз болып танылды. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Бүгінде аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатырған көрінеді. Оның нәтижесіне сай, ағаттық жіберген білім бөлімі мамандары мен заңдағы жаңашылдықтарды дұрыс түсіндірмегендер жауапқа тартылатын болады.

Қолдарына балаларын балабақшадан алып кету керек деген хабарлама тиген сәттен ата-аналардан маза кеткен болатын. Олар өз құқықтары тапталып отырғанын алға тартып, жаңғыртылған білімді қабылдауға бұл жастағы бүлдіршіндер дайын емес деп қарсылық білдірген болатын. Бүгінгі брифингте аталмыш мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берілді.

Орал қаласында мектепке жейінгі мекемелердің 7еуі аталмыш жаңашылдықты тез қабылдап, іске асыруға кіріскендер қатарынан табылыпты. Бұл өзгеріспен келіспеген бір топ ата-ана наразылық білдіріп шыққан еді. Бүгінде мәселенің бір қайнауы кем болағаны белгілі болыпты. Енгізілген жаңашылдықтарға қатысты түсіндіру жұмыстары оқу жылы қарсаңына дейін жүргізілетін болады. Оған сай әр ата-ана өз бетімен шешім қабылдауға құқылы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.