Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар ұжымдарында санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау күшейтілді. Себебі күн жылынып, түрлі жұқпалар пайда болуда

c 00:00, 28/04/2015 c 828

0:00 / 0:00

Бұл әсіресе, ағзасының қорғаныштық қабілеті нығаймаған балалар үшін аса қауіпті. Осы кезеңде өрши түсетін энтеро вирустардан келер кеселдің алдын алу үшін бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің сапалы тағам, таза ауыз сумен қамтылуын тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы бақылауға алды. Энтеро вирустық жұқпалар тез таралуымен ерекшеленеді. Аурудың өршуі жазғы-күзгі мезгілдерді байқалады. Жұқпалар ауа тамшылары, тұрмыстық қатынас, тағам, су арқылы таралуы мүмкін. Әсіресе жазғы демалыста балалар ұжымдарын қадағалау басты назарда,-дейді тұтынушылар құқығын қорғау департаменті. Бұдан бөлек энтеро вирустар суға шомылу кезінде, көкөністерді жумай жеуден жұғуы мүмкін. Жұқпаның ең ауыр формасы менингит түрінде тіркеледі. Сондықтан дене қызуы көтеріліп, тамақ ісу сынды аурудң алғашқы белгілері байқаласымен дәрігерге көрінген абзал. Энтеровиустар қайнатқанда, хлоры бар дәрі-дәрмектер мен ультра күлгін сәуле әсерінен тез өледі. Былтырғы жазда өңірде эпид ахуал тұрақты болған. Биыл осы көрсеткішті сақтау үшін әр адам жеке бас гигиенасын сақтауы қажет, дейді дәрігерлер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.