Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮШІН "ҚОС МЕРЕКЕ"

c 09:12, 02/06/2023 c 56

0:00 / 0:00

Сыңғырла соңғы қоңырау! Орта білім беру тарихында биыл соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда соғылмады. Оқу-ағарту министрлігінің енгізген жаңашылдығы аясында, соңғы қоңырау Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келді. Қазақстанда оқу аптасы 36 аптаға созылғаны мәлім. Өздеріңізге белгілі, бұл жаңашылдық қоғамда қызу талқылануда. Ата-аналардың бір бөлігі соңғы қоңыраудың датасын ауыстырғанға қарсы болса, енді бірі оқу аптасының ұзарғанын қолдап жатты. Себебі, оқушылар алты күн емес, бес күн оқиды. Бүгін еліміз бойынша 7 мың 600 мектепте соңғы қоңырау соғылды.

Соңғы қоңырау, сыныптасыңмен билеген соңғы вальс. Мектеп табалдырығын аттағанда тарыдай болып келген балапандар, қазір таудай болып асқақ армандарына қол жеткізуді, белестерді бағындыруды көздеп отыр. Қоғамда қызу талқыланған соңғы қоңырау мәселесіне әлі нүкте қойылмады. Әрине биыл алғашқы рет соңғы қоңырау Халықаралық балаларды қорғау күнімен қос мереке ретінде өтіп жатыр. Келесі оқу жылында соңғы қоңырау дәстүр бойынша 25 мамырға қайта ауыса ма?-деген сұрақ та бар. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл мәселемен жұмыс істеп жатқан арнайы сарапшылардың пікірінен соң ғана нүкте қойылады.

Министр Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде өткен оқу жылының аяқталу салтанатына қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. Себебі, алда мемлекеттік емтихан мен ҰБТ сынағы тұр. Ал соңғы қоңырауды асыға күткен оқушылардың көңіл-күйі тамаша. Дегенмен, соңғы қоңырау датасының аусықанын бәрі бірдей қолдау бермейтін сияқты.

Бүгін республика бойынша 7 мың 600 мектепте соңғы қоңырау соғылды. Оның ішінде 62 апатты мектеп бар. 276 мың оқушы орны тапшы. Алдағы жаңа оқу жылында 100 аса білім ордасы ашылып, 150 мың оқушы орнының тапшлығы шешіледі дейді министр. Ал қазына қаржысын ұрлап, қолды қылған жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп салынбақшы.

Тек елорданың өзінде 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтап жатыр. Алтын белгіге үміткерлер саны -280 оқушы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.