0:00 / 0:00
Бүгін халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық мәслихат депутаттары мен БҚО ПД-нің қолдауымен он отбасының мүмкіндігі шектеулі балалары кинологиялық орталықтың жұмысымен танысты. Оған қоса шара барысында балаларға сыйлықтар таратылды.Балаларға қуаныш сыйлаған шара бірнеше күннен бері ұйымдастырылуда. Бүгін мүмкіндігі шектеулі он бала ата-аналарымен облыстық кинология орталығында экскурсияда болып, орталықтағы қызметтік иттерді көзбен көрді. Кинологтар маманандырылған иттердің жұмыстары туралы баяндап, олардың осы күнге дейін атқарған қызметтерін тоқталды.
Қазір обыс бойынша 22 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 9 мыңнан астамы жеткіншектер.
Шара барысында арнайы шақырылған аниматорлар түрлі мультфилмдегі қызықты үзінділерге пародия жасап, бүлдіршіндердің уақыттарын қызықты өткізуге үлес қосты. Ұйымдастырушылар тарапынан бұдан бөлек он отбасығы азық-түлік себеті таратылды.
Айта кеткен жөн балаларға қуаныш сыйлаған шара облыстық мәслихат депуттарының ұйымдастыруымен қолға алынған. Ал олардың қауіпсіздгі мен жүріп-тұруына БҚО ПД өкілдері жауапкершілік алған.