Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар арасында жарақаттану азаймай тұр

c 16:05, 21/05/2020 c 549

0:00 / 0:00

Биыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 7000 бүлдіршін түрлі дене жарақатымен түсіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Жарақаттанған балалардың арасында 300-ге жуығы ыстық су мен сорпа сынды сұйықтықтарға күйіп қалғандар. Сала мамандары жыл санап күйік шалған балалардың қарасы көбейіп келе жатқандығын айтады. Сондай-ақ, балалардың терезеден құлап кету деректері де тіркелген. Биыл Орал қаласының аумағында 2 бүлдіршін терезеден құлап, жарақат алыпты.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жыл сайын аталмыш емдеу мекемесінің травматология бөліміне 7000 бала көмек сұрап келетіндігін айтады. Медициналық көмек алатын кішкентай науқастардың бірі байқаусызда құлап қалғандықтан қол-аяғын сындырып алса, енді бірі қайнап тұрған ыстық суды немесе сорпаны үстіне төгіп алып, денесін күйік шалып жатады. Дәрігерлер әсіресе, күйік жас организмнің өсіп-жетілуіне кедергі келтіреді,- дейді.

Көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеден құлап кету дерегі тіркеліп отырады. Былтыр 8 бала терезеден құласа, биыл екі бүлдіршін биіктіктен құлап, жарақаттаныпты. Төтеншеліктер баланың жазым болмасы үшін ата-аналарға сақтық шараларын ұстану керек,-дейді.

Әрбір ата-ана бауыр еті баласының келешекте дені сау болып, армандаған кәсібін меңгеріп, денсаулығына шағымданбай өмір сүруін армандайды. Ол үшін ересектер кішкентайында баланы назардан тыс қалдырмай, мамандар айтқан кеңестерге құлақ түріп, келеңсіз жағдайаттардан арашалап қалса, нұр үстіне нұр болмақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.