0:00 / 0:00
Елбасы бұқаралық спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 30 пайыздан асуы тиіс деп тапсырма жүктеген болатын. Бүгінгі таңда, облыс тұрғындарының ішінде спортты жанына серік қылған жандардың саны 27 пайызды құрап отыр. Облыс орталығында спортты дамыту үшін түрлі спорттық нысандар бой түзеп, пайдалануға берілді. Осы тұста, балаларды спортқа баулу маңызды. Олардың бос уақытында спортпен шұғылдануы үшін атқарылып жатқан істер де аз емес. Бүгін, халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай, балалар алаңы пайдалануға берілді. Бүлдіршіндерге берілген нысан жайлы толығырақ, арна тілшісі сабақтап берсін.