Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балабақшаларда өрт қауіпсіздігінің сақталуы тексерілетін болады

c 20:16, 01/06/2018 c 881

Бұл мәселе "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында көтерілді. Осыған дейін Кемереводағы оқиғадан соң ойын-сауық орталықтарында қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, тексерістер жүргізілген болатын. Енді осындай шаралар мектепке дейінгі ұйымдарда қолға алынып жатыр.

Кемереводағы "Зимняя вишня" сауда ойын-сауық орталығында 60 адам көз жұмып, оның ішінде 41 сәбидің өмірін қиған қайғылы жағдайдан соң елімізде осындай нысындардың қауіпсізідігін тексеру басталып кетті. Кездесуге өрт қауіпсіздігі талаптарынан тексерістен өткен нысан өкілдері мен ТЖД мамандары қатысты. БҚО-да жүргізілген тексерістер кезінде барлық сауда нысандарынан өрескел түрде талапқа сай келмеушіліктер анықталған болатын. Олар ғимарт ішін қолдан өзгерту, эвакуациялық шығу есіктерінің болмауы, өрт сөндіру жүйесінің дұрыс жұмыс жасамауы сынды кемшіліктер. Нысандарға олқылықтарды жоюға уақыт берілген болатын. Ал енді мектепке дейінгі ұйымдардың қауіпсіздігі тексерілуде.

Кездесуге "Орал" ӘКК да қатысқан болатын. Кеңес мүшелері аймақта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жеке серіктестік жобаларына қатысты сауалдарын ашық алаңда қоюға мүмкін алды. Бағдарлама арқасында ашылған мектепке дейінгі мекемелер балабақша кезегін сейілтуге септігін тигізіп отыр. Мемлекетке де тиімді тұсы баршылық. Кәсіпкерлер құқықын қорғау бойынша өткен кеңесте әр түрлі сала мамандары тұшымды ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алып тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.