0:00 / 0:00
Балабақшадағы кезек үнемі өзекті мәселенің бірі болып келгені жасырын емес. Бірақ, биылғы жылы кезек мәселесі өз шешімін тапқандай. 2018 жылдан бастап жаңа жүйе іске қосылды. Яғни, ата-ана бауыр еті баласын балабақшаға арнайы порталдың көмегімен орналастыра алады. Бұл порталда қандай балабақшада қанша орын бос тұрғындығы айқын көрініп, кезегі келген бала мектепке дейінгі мекемеге бара алатын мүмкіндікке ие. Қазіргі таңда, облыс көлемі бойынша 507 мектепке дейінгі білім нысаны қызмет жасауда. 1 жастан бастап, 6 жасқа дейінгі 33 мың сәби балабақшамен қамтылған. Жаңа жүйенің тиімді тұстары мен алғаш енгізілген тұста көптің сынына іліккен электронды кезек жайлы толығырақ арна тілшісі тартқатып берсін.
Биылғы жылдан бастап балабақшадағы кезек автоматты жүйеге көшті. Орал қаласы мен Бөрлі ауданында өмір сүріп жатқан ата-аналар қауымы бұл жаңашылдықтың шарапатын көріп отыр. Қазіргі таңда, әрбір оралдық ата-ана бауыр еті баласы туыла салып, арнайы бағдарлама арқылы балабақша кезегіне тұра алатын мүмкіндікке ие.
Автоматтандырылған жүйеге көшкен балабақшалар кезек мәселесінің заман талабына орай шешімін тапқанын атап өтті. Бұл, шаһарымызда орналасқан №49 "Ақниет" бөбекжайы. Аталмыш бөбекжайда 400-ден астам бүлдіршін бар. Олардың 218 жаңа жүйе арқылы алғаш балабақша табалдығын аттаған балдырғандар.
Елбасының цифрландыру тапсырмасына орай, қолға алынған жаңа жүйенің оңтайлы тұсы көп. Біріншіден, ата-ананың уақыты үнемделеді. Ата-ана бұрынғыдай баласын балабақшаға орналастыру үшін бос орындары бар мектепке дейінгі ұйымдарды шарқ ұрып іздеудің қажеті. Тек екі құжаттың көмегімен арнайы бос орыны бар мекемені таңдауға болады. Өзге аудандардың баршасы жаңашыл жүйеге осы жылдың аяғына дейін қосылмақ.