0:00 / 0:00
Осыдан 13 жыл бұрын елде балабақша проблемасы ушығып тұрғанды. Орны жетпей, ата-аналар баласын орналастыру үшін таныс-тамыр іздеп, пара беруге де мәжбүр болғаны жасырын емес. Қазір бұл мәселе жекеменшік балабақшалардың ашылуы есебінен біржақты болды. Оқу-ағарту министрлігі жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашуды ынталандыру үшін міндетті лицензиялауды алып тастауды шешті. Сондай-ақ, мемлекеттік бақылаудан, мониторингтен және олардың қызметін реттеуден бас тарту туралы шешім де қабылданды. Нәтижесінде лицензиясыз жүйе жеке меншік балабақшалардың санын арттырды. Алайда бақшалардың жұмыс сапасына қатысты шағымдар көбейді. Енді министрлік 2027 жылдан бастап балабақшаларды лицензиялау тәртібі енгізілуі мүмкін деп отыр. Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы қажет. Кадрларды іріктеу, бейнекамераларды орнату, санитарлық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі және т.б. талаптар бар.
ЕДІЛ ОСПАН – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Елде 11 мың балабақша болса, соның 6 мыңнан астамы жекеменшік балабақша. Соңғы 20 жылда жекеменшік мектептер жақсы дамығанын көрдік. Сондықтан балабақшаларды лицензиялауда қиындық болмайды»
Балабақшаларды лицензиялау мәселесі әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда. Кейбіреулер балабақшаларды дереу лицензиялауды бастау керек десе, оған қарсы шығып жатқандар да бар. Балабақшаларды лицензиялау маңызды дейтіндер балалардың құқықтарын бұзуға жол беруге болмайтынын айтады. Енді бірі мемлекет лицензиялауды енгізе отырып, жеке бизнестің дамуына кедергі келтіреді деп санайды. Ал жұмысбасты ата-аналар үшін мемлекеттік балбақшаның кезегін күткеннен гөрі, баласын жекеменшік балабақшаға апару әлдеқайда оңай. Әрине қалтасы көтеретіндер балалар үшін барлық жағдай жасалған жекменшік бақшаны таңдайды.
ЕДІЛ ОСПАН – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Әрине, біз осы мәселе мәжілісте қаралғанда балабқшаларды лицензяилауды 2027 жылы енгізуді сұрадық. 2 жылда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп үлгереміз. Министрлікте жекеменшік балабақшалардың қауымдастығы қамтылған жұмыс тобы құрылған».
Министрліктің мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін лицензиялау орынсыз дейтіңн пікірлер де бар. Сарапшылар лицензия - бұл белгілі бір қызметпен айналысу құқығына, іс жүзінде, нарыққа кіруге рұқсат беретін құжат болып табылады. Ал елде балабақшалардың көпшілігі нарыққа енді ғой, онда лицензия не үшін қажет?-деген сұрақтар да туындайды. Балабақша қауіпсіздік пен санитария нормалары бойынша тексеруден өтуде. Осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің пікірінше, лицензиялау енгізілсе өптеген жеке меншік балабақшалар жабылады, Қазақстанда мектепке дейінгі біліммен қамту айтарлықтай төмендейді және көлеңкелі бизнес пайда болады. Лицензиялауды қайтару сапалы қызметті қамтымайды, керісінше қосымша кедергілерге жол беріп, сыбайлас жемқорлыққа апарады дейді олар. Ал депутат Асхат Аймағамбетов балабақшаларды лицензиялау туралы маңызды әрі қажетті норма қабылданғанын мәлімдеп, жазба жариялады. Депутаттың айтуынша, бұл талаптар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар үшін бірдей болады. Бұл – балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі үлкен қадам.