0:00 / 0:00
Қалың қардың зардабы әлеуемттік нысандарға да тиуде. Мәселен кеше қаланың хақ ортасында орналасқан «Золотой Петушок» балабақшасының шатыры опрылып түсті. Естеріңізде болсабиылғы маусымда осындай жағдай бірнеше мәрте қайталанып зардабын халық көруде. Қардың қалыңдығына шыдас бермеген ғимарат шатырлары кезек-кезек опырылып түсуде. Абырой болғанда тірі жанға зардап келген жоқ. Деседе балабақшадағы балдырғандар үшін қауіпті болуы да ықтиамл еді. Алайда жауапты мамандар дер кезінде келіп бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемесінің шатырын қалпына келтіру шаралары қолға алынған.Қазір бүлдіршіндерге төніп тұрған қауіп жоқ. Әдеттегідей қызмет қайнап жатыр. Ал шатырдағы зардап келген 35 шаршы метр аумақ санаулы күннен соң қайта қалпына келтіріледі. Төтенешеліктер болса, облыста күні бүгінге дейін осындай 5 оқиға тіркеліпті. Айта кетерлік жағдай құрылысшылар қызметке кірісіп кеткен. Тек балдырғандарға сол құрылыстан қауіп төнбесе игі.