Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала өлім-жітімі

c 20:01, 14/10/2019 c 889

0:00 / 0:00

Атырау өңірінде бала өлім-жітімі көбейіп кетті.Ағымдағы жылдың  тамыз айында сәби өлімі көп тіркелді. Тамызда – 26 сәби шетінесе, қыркүйекте - 17 –і өмірге келе салып көз жұмды . Осы мәселеге қатысты Үкіметте өткен жиыннан соң, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев журналистер сұрағына жауап берді. Әкім қазір тиісті шаралар қолға алынып, айы-күні жетіп отырған  75 әйелді қалалық перзентхана мен өзге де ауруханаларға көшіргенін айтты.

Ана мен бала өлім-жітімін болдырмау үшін талай жұмыстар атқарылып, заман талабына сай перзентханалар салынып, баланың өмірге келуіне ерекше көңіл бөлініп жатса да, проблема толық шешімін таппай отыр. Қай өңірде болсын дәрігердің қателігінен немесе ананың  уақытында есепке тұрмай, өз денсаулығна үстіртін қарауынан ана мен бала өлімі орын алып жатады. Алайда, Атырау  облысындағы жағдай өршіп тұр. Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында перзентханада 43 сәби шетінеп кетті. Өңір басшысы қазір осы жағдайға байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

Әзірге тергеу ісі бітпей, әкімнің өзі де дәрігерлердің жұмысына аға бере алмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы, өзге де органдардың топтары тексеру жүргізіп жатыр. Әкім «сәби өлімі біз үшін трагедия» -  деді. Ал перзентханадағы бала өлімінің жиілеп кеткеніне жауапты  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кету туралы өтініш жазғанын айтады Ноғаев.  Еске сала кетейік, бұған дейін  Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінгенді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.