Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала еңбегі бақылауда

c 18:17, 10/06/2021 c 800

0:00 / 0:00

Сабақтан қолы босаған жасөспірімдер жазда еңбекке араласып, ақша таппақ болып, түрлі қызметтерге араласады. Бірі сусын, ойыншық сатып, қаражат жинаса, енді бірі құрылысқа барып, ақша табады. Әрине оқушылардың ата-анасына қолғанат болып, еңбекке араласуы құптарлық іс. Десек те, еңбек заңнамасына сәйкес 14 пен 16 жастағы балалардың жұмыс уақыты аптасына тек 24 сағаттан аспауы керек.

Оқудан қолы босаған жасөспірімдер бос уақыттарын әртүрлі өткізеді. Бірі каникулда ата-анасының жанында болса, енді бірі жұмысқа тұрып, оқу жабдықтарына ақша жинайды. Осы орайда оқушылар жұмысқа орналасқан кезде олардың құқығының сақталуы мен денсаулығына қауіп төнбеуі үшін арнайы рейд шаралары ұйымдастырылуда.

Еңбек заңнамасында 14 жастан бастап жұмыс жасауға рұқсат берілген. Жасөспірімдер үшін жұмыс жүктемесі 24 сағаттан аспауы керек.

Қолданыстағы еңбек кодексіне сәйкес қызметке орналасқан әрбір жасөпіріммен жұмыс беруші еңбек келісімшартын жасауы керек. Сала мамандары еңбек келісімшарты жұмысшының құқығын заң жүзінде қорғауға көмектеседі дейді. Көбіне жұмыс берушілер осы келісімді орындаудан жалтаратын көрінеді.

Сурет https://yvision.kz/ сайтынан жүктелді

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.