Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бақытты отбасы

c 17:34, 12/03/2020 c 859

0:00 / 0:00

Елімізде "Бақытты отбасы" бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды. Аталмыш бағдарлама пәтер кезегінде тұрған, көпбалалы, жалғыз басты және кәмелет жасына толмаған мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған. Бағдарламаға қатысу үшін 3 категория бойынша атқарушы органнан тиісті жолдаманы алып, банкке өтініш беру қажет. Сондай-ақ биыл алғаш рет "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысып жатқан отбасыларға арнайы 1 млн теңге болатын сертификат та берілетін болды.

Былтыр 50 млрд. теңгедей қаражат бөлініп, көпбалалы, жалғыз басты және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұяларға арналған "Бақытты отбасы" биыл да өз жалғасын тапты. Пәтер кезегінде тұрған отбасылардың армандаған пәтеріне қол жеткізу үшін 2020 жылы 100 млрд теңгедей қаражат қарастырылыпты. Сала мамандары бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын айтады.

Биыл "Бақытты отбасының" шарттары өзгеріссіз қалған. Үш категория бойынша пәтер кезегінде тұрған жандарға арналған баспананың құны 10 млн теңгеден аспауы шарт. Үй алу үшін баспананың он пайыздық құны жинақталып, үйдің несиесі 20 жылға 2 пайыздан берілмек. Сондай-ақ, биыл алғаш рет баспана кезегінде тұрған жандар үшін 1 млн теңге болатын арнайы сертификаты да берілетін болды. Осындай сертификаттардың құны 200 млн. теңгені құрайды.

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысу үшін қазір құжаттарды қабылдау басталды. Азаматтар жолдаманы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінен алуы керек. Өткен жылы осы бағдарламаға 211 батысқазақстандық қатысып, бүгінде олардың 190-ы қоныс тойын тойлап үлгерген. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 205 батыс қазақстандықтың өтініші қабылданбақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.