Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

c 18:02, 25/06 c 34

0:00 / 0:00

28 маусым төл мереке қарсаңында өңірдегі БАҚ қызметкерлеріне арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Спорттық сайыс пен білім додаларында бақ сынаған сала өкілдері кәсіби шеберлігін шыңдауда семинар-тренингке қатысты. Цифрлық дәуірде журналист жұмысты қалай ұйымдастырады? Ақпаратты ұсынуда нені басшылыққа алады? Сала өкілдерін толғандырған сұрақтар төңірегінде танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей мен мобилограф Дон Салауатов пікір білдірді.

ГҮЛЖАНАР ШӨКЕЕВА

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер клубы сала өкілдерінің еңбегін жоғары бағалады. Шарада «ТДК-42» телеарнасының директоры Рустам Машарипов бастаған бірқатар БАҚ қызметкерлері марапатталды. Марапатқа ие болған журналист Ғайсағали Сейтақ ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, ақпарат саласының жұмысы ел бірлігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

ҒАЙСАҒАЛИ СЕЙТАҚ

«KAZINFORM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ АГЕНТТІГІНІҢ ТІЛШІСІ

БҚО-да 100-ден аса бұқаралық ақпарат құралы тіркелсе, оның 50-ге жуығы белсенді жұмыс атқарады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.