0:00 / 0:00
Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Балалар күні» мерекесіне орай байдарка және каноэ есуден ашық біріншілік басталды. Аталған шара қоғамдық-саяси қызметкер Қайыржан Сұлтанұлы Идиятовты еске алуға арналды.
№1 Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің су спорты базасында байдарка және каноэ есуден Орал қаласының ашық біріншілігі басталды. 2004, 2005, 2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өткізіліп отырған осы жарысқа Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларынан 6 команда қатысты. Соңғы уақытта жастар арасында кеңінен таралып жатқан бұл спорт түріне арналған шара қалалық спорт бөлімінің және "Ақжол" демократиялық партиясының қолдауымен өтті. Біраз жылдары бойы "Ақ жол" партиясы БҚОФ төрағасы қызметін атқарып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне зор үлес қосқан Қайыржан Сұлтанұлы Идиатовты еске алуға арналған шараға облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары және Қайыржан Сұлтанұлының бауырлары қатысып, ескек есушілерге сәттілік тіледі. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ертең, яғни 2 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.